5 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
5 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Мәдина Сәдуақасова Қазақстандағы Судьяларды сынға алды

Әнші Мәдина Сәдуақасова  өзінің жақсы араласатын вайнер достары Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың бес жылға бас бостандығынан айырылғанын өте үлкен әділетсіздік деп мәлімдеп, елдегі судьялардың кәсібилігіне күмән келтірді. 

«Сот үкімін шығарды. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айырды. өте өте үлкен әділетсіздік орын алды деп есептеймін. пирамида құрмаған, өздері алданып, өз ақшаларын салып, тек жарнамасын әлеуметтік желіде жасаған жігіттерге неге сонша қатаң жаза? кеше ғана өз әйелін өлтірген ер кісіге бір жарым жыл беріп, бүкіл қазақстанды «шошытып», жақындарын еңіреткен сотымыз не болып кетті?»

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Mudarabah capital мен Astex қаржы пирамидаларының атышулы ісі бойынша үкім шықты. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздігі төмен режимдегі колонияда жазасын өтейді. Екеуі қаржы пирамидасын құрды деген айып бойынша кінәлі деп танылды.

Прокурор ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) басшысы деп таныған Алмас Құрманғалиевті кінәлі деп тауып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жөнінде үкім шығарды.

Сот барысында Astex компаниясының директорын қорқытқан Руслан Бұрқанов та ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Жазасы ол 12 жыл қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Басқа айыпталушылар мынадай жазаға тартылды:

  • Дания Рахимова – орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жыл.
  • Ержан мен Ерлан Мансұровтар – 9 жыл колонияда.
  • Тимур Рүстемов – 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрлан Сұлтанбаев – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Андрей Ча – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Самат Қасенов – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Айта кетейік, Төребаев пен Шерниязов ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін кінәсіз деп танылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар