23 C
Нур-Султан
29 C
Алматы
30.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
29 C
Алматы
30.3 C
Шымкент

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР СОҒЫСТЫ ҚОЛДАҒАН РЕСЕЙЛІК ДІНТАНУШЫ АЛЯУТДИНОВТЫ КЕЛТІРМЕЙ ҚОЙДЫ

Әлеуметтік ресейлік дінтанушы Астанада 4 желтоқсанда өтетін тренингке келмейтінін мәлім етті.

«Қосымша наразылық туғызып, ұйымдастырушылар  мен спикерлерге проблема тауып бергім келмейді. ал осыны ұйымдастырып, маған қарсы. ақпаратты бірінші таратқандар, осынау өтірік пен айыптауды ұйымдастырушылар-cіздерге құдай сот»

дейді, Аляутдинов.

Бұған дейін бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдиновтың Астанадағ форумға қатысуы қызу талқыға түскен болатын. Төртінші желтоқсанда Астанада «Жаңа шынайылық» атты үлкен форум өтеді. Алдын ала тараған ақпарат бойынша ол форумға белгілі қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай, блогер Бейбіт Әлібеков, ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдинов қатысатын болған. Алайда, әлеуметтік желіде оқырмандар протесттік пікірлер жазып, Ресейдің Украинаға ашқан соғысын қолдаған Аляутдиновтың Қазақстанға келуіне қарсылық танытты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар