Украина билігі Қырғызстанға ашуланды

Қырғызстанның бірнеше компаниясы АҚШ-тың санкциясының астында қалғаннан кейін  Украина СІМ Қырғызстанның елшісі Ыдырыс Қадырқұловты «әңгімеге» шақырды. 

Украина сыртқы істер министрлігі дипломатияның барынша қатал тілімен:

«Қырғызстан аумағынан Ресей әскери техникасына қажетті тауарлардың жеткізілгенін Украинаға қарсы басқыншылық соғысты қолдауға бағытталған, достыққа жатпайтын акт» деп бағаланатынын ескертті.

Шілденің бірі күні Украина Президенті Зеленскийдің жарлығымен Қазақстанның  «ИТС-Астана» мен  «Тыныс» компанияларына санкция жариялаған болатын.