АҚШ Қырғызстандық компанияларға санкция салды.

Қырғызстанның төрт компаниясы Ресейге тыйым салынған тауарларды соғыс кезінде жеткізгені үшін АҚШ-тың санкциясына ілікті. Олар: RM Design and Development, «ГТМЕ Технологии», «Прогресс лидер» және «Карголайн» компаниялары. Санкция тізіміне лардан тауар қабылдаған Ресейдің  «Базис Трейд Прософт», «Радиотехснаб», «Регион-проф», «Технологии, системы и комплексы» және «СиАйСи» компаниялары да кірді. 

АҚШ-тың қаржы министрлігі

«Қырғызстандағы компаниялар Украинаға соғыс ашқан Ресейге әртүрлі технологияны ұдайы жіберіп отырған. Оларды Ресейдің қорғаныс секторындағы мекемелер пайдасына асырған»,- деп мәлімдеді. 

 The Washington Post газеті он сегізінше шілдеде АҚШ-тың президент әкімшілігі Қырғызстанға «экономикалық шара» қолдануды ойластырып отырғанын жариялады. 

Мақалада биыл маусымда Қазақстан кеденінде Қырғызстан компаниясының дрондары тәркіленгені жазылды.  Ол кезде Қазақстан кеден қызметі Қырғызстанның «Импульс-Инвест» компаниясы Ресейге жіберген DJI Agras T30 маркалы 14 дронды ұстаған. 

Ресми Бішкек бұл оқиғаға қырғыз билігінің қатысы жоқ деген комментарий берді.  Ал Қырғызстанның экономика министрлігі көзге түсіп қалған  компания бұл дрондардың санкция тізімінде тұрғанын білмеген болуы мүмкін» деген пікір айтып, компания қателігін жуып шайғысы келді. 

Бұған дейін АҚШ билігі Ресейдің санкцияны айналып өтуіне көмектесіп жатқан бес мемлекетті атады. Олар Түркия, Қазақстан, Грузия, Армения, Біріккен Арал Әмірлігі.