БЕЛАРУСЬ КЕЗІНДЕ БАС ТАРТҚАН ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ РЕСЕЙДЕН ҚАЙТАРУДЫ СҰРАДЫ

Беларусь Президенті бірнеше рет жариялы түрде Ресейге кезінде өзі берген ядролық ракеталарды қайтарып беруін сұрады. Ол бұған Батыс күштері итермелеп отыр. Сыртқы қауіпсіздікті қорғау үшін осындай қадамға барамыз деп мәлімдеді.

Естеріңізде болса тоқсаныншы жылдары Қазақстан, Украина, Беларусь өз еріктерімен ядролық арсеналдарынан толық бас тартқан болатын. Лукашенко қазіргі турбулентті жағдайды ескере отырып, Беларуссия бас тартқан ракеталарды қайтарып алуға құқығы бар деп есептейді. Ресей Президенті Лукашенконың ұсынысын қабылдап, алдағы уақытта бұл іске кірісетіндерін айтты. Путин осылайша Байденге сес көрсетіп, келісімге келмесек болмайды деген сигнал  жіберіп отыр дейді сарапшылар.