23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

Зайытов Бекболат Тілеуханның кабинетіне отырды

  • Кешеден бері Мәжіліс депутаттары қандай кабинетке жайғасқандарын видеоға түсіріп, оқырмандарына көрсетіп жатыр. Солардың ішінде Ринат Зайытов та бар. Ол өзіне экс мәжілісмен Бекболат Тілеухан отырған кабинет берілгенін айтты. Ринаттың айтыста, сұхбаттарында сынап жүрген Тілеуханның кабинетіне отырғанын оқырмандар әртүрлі қабылдады. Зайытов кабинеттен бас тартатын ойы жоқ екенін білдірді.Журналистердің «өнердегі жолын саясатқа келіп жоғалтқан Тілеуханның жолын кешпеймін деп қорықпайсыз ба?» деген сауалына былай жауап берді:

– Бұл Бекболат Тілеуханның кабинеті болған. Әркімнің маңдайына жазылған өз жолы бар. Қазір мына жерге келіп «Ойбай, Бекболат Тілеуханның кабинеті болған екен, отырмаймын» деп басқалар да келіп айтса жақсы ма? Одан ешқандай теріс, арам белгі көріп тұрған жоқпын, – деді Ринат Зайытов.

Депутат алда фракцияның бағытымен жүретінін атады. Алайда ақиқатты айтудан тартынбаймын деп отыр.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар