Қазақстанға Ресейден жұмыс істеуге келетін азаматтардың екі есеге өсіпті. Бұл ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасына сүйеніп жарияланып отыр.  2021 жылы Қазақстанға жұмысқа орналасу мақсатында Ресейден 31 600 азамат келсе, былтыр олардың саны екі есеге яғни, 63 000-ға көбейген. 

Еуразиялық экономикалық комиссиясы  Еңбек көші-қоны және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Өмірбекованың айтуынша, статистикаға тек жұмыс істеу мақсатында келген жұмыс істейтін адамдар ғана кіріпті.