7 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
13.3 C
Шымкент
7 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

УКРАИНА ҚАЗАҚСТАНҒА АЙЫП ТАҚТЫ

Украинаның Барлау қызметі Қазақстан мен Өзбекстанға айып тақты.

«ресейге көмектесіп отыр.қазақстан мен өзбекстан ресейге өндірістік мақсаттағы, бір жағынан қару-жарақ  жасауға да жарай беретін компоненттерді саудалап отыр»

Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрлігіне қарасты Барлау қызметі мәлімдеді.

Агенттік өкілі Вадим Скибицкийдің айтуынша майдан даласында мыңдаған сарбазынан айырылып, әскери техникасы таусылуға шақ тұрған Ресей өзі секілді автократ елдерден алақан жайып көмек сұрауда.

 

 «мәскеуге ираннан алдыратын отты қару аздық етіп отыр. олар қытай мен солтүстік кореяның аяғына жығылып, майдан даласында жалаң қолмен ұрысып, жалаңбұт жүрген әскеріне қол ұшын созуды сұрап отыр. дәл осы өтінішпен қырғыз билігіне шығып, жапаровты қолқалаған. мәскеу бешкектен «смерч» мен «ураган» секілді зымыран кешендеріне қажетті оқ дәрі сұраған»

деді, Скибицкий Ла Република басылымына берген сұхбатында.

Украина барлаушысы Қазақстан мен Өзбекстан Батыс көзін ала бергенде Ресейге жәрдемдесіп отыр дейді.

«астана мен ташкент санкция салдарынан жоғары технологияға зәру боп қалған ресейге өндірістік мақсатта болғанмен қару жарақ жасай беруге болатын компоненттерді саудалап отыр. бұлардың басым бөлігі аталған елдерге америка мен жапониядан келеді. мәскеу азаматтық, тұрмыстық мақсаттағы компоненттерді қажетіне жаратып, ракета жасауға пайдалануда»

дейді Скибицкий.

Украин барлаушы Мәскеудің заманауи қару-жарақ жасайтын потенциалы жоқ деп пайымдайды, осы себепті өзге елдерден жәрдем сұрауға мәжбүр.

Sn.kz

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар