25 C
Нур-Султан
33 C
Алматы
35.3 C
Шымкент
25 C
Нур-Султан
33 C
Алматы
35.3 C
Шымкент

ҚАЗАҚСТАНДА БІРДЕН ЕКІ АЭС САЛЫНУЫ МҮМКІН

Энергетика вице-министрі журналистерге Қазақстанда бірден екі АЭС салынуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Бұл мәселе талқыланып жатыр. Бірінші АЭС-тің құрылысын ойдағыдай бастасақ, екінші АЭС салу жоспарын құрамыз. Оған лайық жер деп Ертіс жақты, яғни Курчатов  маңайы таңдалып жатыр. Бағдарламаны дайындап, оны дұрыстап бекітіп алуымыз керек. Шығыны да жан жақты есептеліп жатыр. Нақты ақпаратты жылдың аяғында жариялайтын боламыз».

Бұған дейін қоғам белсенділері бұл мәселеге қатысты халықтың ішінде наразылары көп екенін ескеріп, Президент Тоқаевқа  референдум өткізуді ұсынған болатын. Алайда, биыл өткен республикалық референдумға бұл сұрақ кірмеді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар