-0 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
9.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
9.3 C
Шымкент

ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ТӘУЕЛСІЗ ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫН ӨТКІЗЕТІНДЕРІН МӘЛІМДЕДІ

Белсенді азаматтар конституциялық реформа жөнінде кеңес құрып, құрылтай өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы танымал заңгер әрі экономист Оразәлі Ержанов жеке парақшасында жариялады.

«Құрметті халайық!
Қасиетті Түркістанда алдағы наурыз айында шынайы Халық Құрылтайын өткізу идеясы қолдау тапты.

Сондықтан мынадай ұсыныс бар.
Біздің елімізде 195 аудан, 17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала бар.
Әр ауданнан – 1 азамат, әр облыс орталығынан – 2 азамат және үш ірі қаладан – 3 азаматтан өкілдік жасайық.
Сонда барлығы 238 адам шығады. Бұған ұйымдастырушылардан тағы 20–30 адам қосылсын.

Елімізде көптеген ұлттар мен диаспоралар бар. Солардың әрқайсысынан қазақ тілін меңгерген 1 өкілден қатыссын.
Осылайша, жалпы саны шамамен 300 адам болады.

Мұншама адамға жиналыс өткізу үшін зал жалдауға билік мүмкіндік бермеуі мүмкін.
Сондықтан Амалбек ағаның ұсынысымен Түркістанда осы Халық Құрылтайы атынан ХХ ғасырдан бастап Ашаршылық, репрессиялар, Желтоқсан, Жаңаөзен, Қаңтар оқиғаларында кінәсіз құрбан болған аруақтарға арнап ас берейік.
Астан кейін Ата Заңның жобасын талқылайық.

Азаматтар, қазірден бастап әлеуметтік желілердегі жергілікті чаттар мен топтарды пайдаланып, өкілдерімізді сайлауға кірісейік.
1 адам – негізгі, 1 адам – резерв ретінде сайлансын.

Халық Құрылтайын Түркістанда наурыздың 15-іне белгілейік.

P.S. Егер билік өкілдері Халық Құрылтайына қатысып, ел пікірін тыңдағысы келсе – есік ашық!
Тек бір ғана шарт: биліктен костюм немесе шапан кигендер қатыссын, ал погон тағып, қару ұстағандар жоламасын!

P.P.S. Ал, халайық, барынша репост жасап, кеңінен таратайық!»

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар