-2 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
13.3 C
Шымкент
-2 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні жүріп, жол жабылды

2025 жылы 12 наурызда сағат 06:05 – те Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Облыстық маңызы бар автожолдың 22 және 23 шақырым арасындағы учаскеде «Түрген ауылында» көлемі 200 текше метр аумақта қар көшкіні өздігінен болды.

Қар көшкіні нәтижесінде жол төсемі жабылып қалды. Түрген өзенінің арнасының су өткізуі еркін жүруде. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

«Жағдайды бағалау және автожолды тазарту үшін Алматы облысы ТЖД-нің 2 қызметкері мен 1 техникалық бірлік, «Қазселденқорғау» ММ-нің 2 маманы мен 1 техникасы жедел келді. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жүргізушілерге жағдайды ескеріп, көрсетілген маршрут бойынша жүруден уақытша бас тарту ұсынылады», — деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы облысының ТЖД еске салады: тұрақсыз ауа райы жағдайлары мен көшкін қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау, жедел ескертулерді қадағалау және қажетсіз таулы аудандарда жүруден аулақ болуды еске саламыз.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар