-2 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
13.3 C
Шымкент
-2 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

Жалған құрылтайшылар: Перизат Қайрат қоры жабылды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тарату туралы талап арызын қарады.

Аталған бірлестік 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген. Құрылтайшылар қатарында Перизат Қайратты қоса алғанда, 10 адам болған.

«Қылмыстық іс аясында жүргізілген қолтаңба сараптамасының қорытындысына сәйкес, құрылтай құжаттарындағы 10 құрылтайшының 9-ының қолдарын Перизат Қайрат қойған», – деп хабарлады сот өкілдері.

Заңға сәйкес, егер заңды тұлғаны құру кезінде түзетуге болмайтын заңбұзушылықтар орын алса, оны сот шешімімен таратуға болады.

Осыған байланысты сот «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» бірлестігін мәжбүрлі түрде жабу туралы шешім шығарды. Аталған шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: 01pk/Instagram

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар