-9 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
7.3 C
Шымкент
-8 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
7.3 C
Шымкент

Түркістан облысында 19 жастағы жігітті қатыгездікпен өлтіріп кетті

Түркістан облысында 19 жастағы Жасұлан Әбдіманаптың денесі табылды. Ол 20 ақпанда көршілерінің моншасына кеткеннен кейін оралмаған. Екі күнге созылған іздеу шаралары қайғылы аяқталды – жігіттің азаптау белгілері бар денесі елсіз жерден табылды.

Анасының айтуынша, оны ауылдастары өлтірген. Бала күнінде ісікке байланысты ауыр дерттен аман қалған, ерекше күтіммен өскен жігіт өзінің мейірімділігі үшін құрбан болған. Ауылдастары оның атына несие рәсімдетіп, төлеу уақыты келгенде, одан құтылуды шешкен.

«Бір топ бұзақы ұлымды елсіз жерге алдап апарып, оның мейірімділігін осылай қатыгездікпен пайдаланды. 14 рет пышақ сұғып, аса қатыгездікпен өлтірді. Өздерінің бұл қылмысы ашылмайды деп ойлап, денесін қаңыраған жерге лақтырып, ештеңе болмағандай көңіл көтеруді жалғастырған», – дейді марқұмның анасы.

Туыстары Жасұланның өліміне бірнеше адамның қатысы бар екеніне сенімді. Қазіргі уақытта күдікті ретінде бір адам – әскери қызметкер ұсталды. ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар