АҚШ Ішкі істер министрлігі Дональд Трамптың жарлығына сәйкес «американдық ұлылықтың мұрасын құрметтеуге» арналған атауларды қалпына келтіру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Министрліктің сайтында Мексика шығанағы мен АҚШ-тағы ең биік тау – Денали тауының атауын өзгерту туралы хабарландыру жарияланды.
«Президенттің нұсқауы бойынша Мексика шығанағы енді ресми түрде Америка шығанағы деп аталатын болады, ал Солтүстік Американың ең биік тауы қайтадан Мак-Кинли тауы атауын иеленеді. Бұл өзгерістер елдің Америка Құрама Штаттарының ерекше мұрасын сақтауға және болашақ ұрпақтың өз батырлары мен тарихи құндылықтарын құрметтеуін қамтамасыз етуге деген адалдығын растайды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Reuters агенттігі шығанақтың жаңа атауы халықаралық деңгейде мойындалуы екіталай екенін жазды.