Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Мәскеуге қоныс аударады.
Ulysmedia.kz өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, оның Ресейде ірі бизнесі бар және енді сол жерде тұрақты түрде тұруды жоспарлап отыр.
2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін Әлия Назарбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрақтаған болатын.