Алматыда 17 жастағы жасөспірім 40 жастағы ер адамды әдепсіз әрекеттер жасады деп айыптады. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, бұл іс танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты болуы мүмкін.
Козачковтың жазуынша, полицияға арызды кәмелетке толмаған баланың әкесі берген. Оның айтуынша, ұлы курьер болып қосымша жұмыс істейді, сол күні кешке үш бөтелке сыра жеткізген. Алкогольді тапсырған кезде ер адам жасөспірімге бірге ішуді ұсынған.
Сонымен қатар, дәл сол сәтте ер адам 11-сынып оқушысын интимді жерінен ұстауға әрекеттенген немесе ұстап үлгерген. Курьер бірден үйіне барып, бәрін әкесіне айтып берген, ал әкесі құқық қорғау органдарына жүгінген. Журналисттің айтуынша, полиция қызметкерлері арызда көрсетілген жайттарды тексеру үшін тапсырыс берушінің пәтеріне барып, оны полиция бөліміне жеткізген.
Алматы полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың әкесінің арызы бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Барлық мән-жайды анықтау үшін азамат К. полицияға жеткізілді.