Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
Айта кетсек, 17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жомарт кенішінде тау жыныстары опырылып құлады. Жеті жұмысшы үйінді астында қалып қойды.