9 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
18.3 C
Шымкент
9 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
18.3 C
Шымкент

Алматыда күзетшіні соққыға жыққан көлік жүргізушісі ұсталды

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін соққыға жыққан жүргізуші ұсталды.

Әлеуметтік желіде белгісіз жүргізуші шлагбаумның жанында қатты дабыл беріп, айқай шығарғаны туралы видео тарады. Тұрғын үй кешенінің күзетшісі оны сабырға шақырмақ болғанда, жүргізуші оған шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан күзетші ауруханаға жеткізілді.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Бостандық ауданының полиция басқармасы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Күдікті полицияға жеткізілді. Қазір тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Олар істің жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз етуге бағытталған», – деп мәлімдеді полиция.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар