-5 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент
-5 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент

Болат Мәжағұлов 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Астана қаласының Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мәжағұлов аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етті деп танылды.

2023 жылғы қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы басқарма басшысы мен мердігер ұйым өкілдерін 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп күдіктенетінін хабарлаған. Бұл қаражат 2016 жылы «Күн» субұрқағын салуға бөлінген. Нысанның ашылуы Астана күніне орайластырылған. Алайда 2017 жылдан бастап субұрқақ апаттық жағдайда тұр, себебі ол сапасыз материалдардан салынған.

Тергеу барысында жоба мемлекеттік сатып алу, жобалық-сметалық құжаттама (ПСД) және мемлекеттік сараптамадан өтпей жүзеге асырылғаны анықталды.

Экс-шенеуніктің 572 миллион теңгеден астам бағаланған мүлкіне – үш коммерциялық нысанға, екі автотұрақ орнына және Астанадағы премиум санаттағы пәтерге тыйым салынды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар