Бүгін Бангкоктағы салтанатты рәсімде мыңнан астам жұп некеге тұрады деп күтілуде.
Таиланд королі Маха Вачиралонгкорн қыркүйек айында парламент қабылдаған және осындай некелерді заңдастыратын заңға қол қойды.
Заңда неке ер мен әйелдің арасындағы одақ ретінде емес, екі адамның серіктестігі ретінде анықталған. Біржынысты жұптар барлық жеңілдіктерге қол жеткізіп, балаларды асырап алу құқығына ие болады.
Таиланд – Оңтүстік-Шығыс Азияда адамдар арасындағы біржынысты одақтарды заңдастырған алғашқы мемлекет.
«Сіз қай жыныста болсаңыз да және кімді сүйсеңіз де, махаббат шекараларды білмейді. Барлығын бірдей заңдар қорғайтын болады», – деп мәлімдеді елдің премьер-министрі Пхэттонгтан Чиннават өткен аптада.
Ал, Американың жақында сайланған президенті Дональд Трамп қос жыныстылар саясатын қолдамайтынын, енді АҚШ-та трансгендерлердің құқығы қорғалмайтынын мәлімдеген болатын. АҚШ үкіметі бұдан былай тек әйел мен ердің жынысын ғана қолдайды. Президент Дональд Трамп ұлықтау рәсімінде нәсілдік және гендерлік өзгеріске қатысты саяси өткір мәселеге осылай деп тоқталды. Сондай-ақ ол әртүрлілік, гендерлік теңдік және инклюзия бағдарламаларын қысқартатын жарлық шығаратынын мәлімдеді. Соған сәйкес, гендерлік идеологияны дамыту үшін үкімет тарапынан қаржы бөлінбейді.