-16 C
Нур-Султан
-15.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент
-16 C
Нур-Султан
-15.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент

Қырым көпірінде болған жарылыс Путинге ауыр тиді

Қырым мен Краснодар өлкесін жалғап тұрған үлкен көпірдің жарылуы туған күнін енді тойлап болған РФ Президентіне ауыр соққы болды дейді Ұлыбритания қорғаныс министрлігі жексенбі күні жариялаған есебінде.

«Бұл оқиға президент Путинге қатты тиеді. Оқиға ол 70 жасқа толғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң болды. Путиннің жеке өзі көпірді ашып, қолдады, құрылыс мердігері оның бала кезден бергі досы Аркадий Ротенберг болды. Кейінгі айларда Путиннің бұрынғы күзетшісі, қазір Росгвардияға жетекшілік ететін Виктор Золотов көптің алдында көпірдің қауіпсіз екеніне сендірген болатын»

Британ барлау қызметінің берген мәліметі бойынша 8 қазанда болған  жарылыстың салдарынан жолдың бір бөлігі — шамамен 250 метр жері құлап қалған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанмен көліктер көп өте алмайды.

«Темір жолдың қаншалықты бүлікгені белгісіз, бірақ кез келген ақау оның тасымалдау мүмкіндігіне кері әсер етеді. Ресейдің Украина оңтүстігіндегі күштерін қолдауы қиындай түседі»

Жүк тасымалдауға арналған темір жол өткелі 2020 жылы маусымда ашылған. Бірақ аталған бағыт Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін әскери техниканың оңтүстікке қарай жылжуында негізгі рөл атқарып келді.

Ресей тергеушілерінің болжамынша, Қырым көпірінде жүк көлігі жарылған, соның салдарынан темір жолды өрт шалған. Үш адам қаза болған.

Жарылысты ешкім мойнына алған жоқ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар