Құрылысы былтыр күзде басталған дуалдың толық тұрғызылып біткенін Польша арнайы қызметінің өкілі Станислав Жарын мәлімдеді.
«Біздің мемлекетке бұдын былай заңсыз кіру мүмкін емес. поляк шекарасы қазір еуропадағы қорғанысы ең мықты шекара»
Дуал тұрғызуға Польша 1.6 млрд злото жұмсаған.Оның салынуына бір жыл бұрын күзде Беларусь арқылы ЕО-ға заңсыз өтпек болған мигрантттардың көбейгені себеп болды.
Естеріңізге сала кетейік, Литва билігі де Беларусьпен шекарасына дуал тұрғызған. Оның құрылысы биыл тамызда аяқталды. Биіктігі бес метр, ұзындығы 502 шақырым.