10 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
15.3 C
Шымкент
10 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
15.3 C
Шымкент

АЛДАҒЫ САЙЛАУ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Мархабат Байғұт, жазушы:

«Алда болғалы тұрған кезектен тыс президент сайлауының өтуі қисынды көрінеді. Биыл саяси реформалар бағыты ерекше қарқын алды, үздіксіз түрлі істер атқарылуда. Сайлау да соның бір бөлігі іспетті дүние. Оның уақытынан ерте өтуі – заңды. Өйткені басталған реформалардың одан әрі шыңдалуы тұрақты саяси жүйеге тікелей байланысты. Әйтпесе, әлем елдерінде не болып жатқанын көріп отырмыз. Саяси жүйенің тұрақсыздығы кесірінен елдер арасында дау туып, қақтығыстар басталып жатыр. Бірақ ол жанжалдарға сол елдердің тек өз мәселесі ретінде қарауға болмайды. Бізге де сын-қатері болмақ. Құдды, қауіпсіздікті осы бастан қамдау жөніндегі ескертпе сынды қабылдаған жөн. Демек, алдағы сайлау – тұрақтылықтың кепілі болуы тиіс. Бұл шешімді Мемлекет басшысы бекерден-бекер қабылдамағанының айғағы – осы.
Қазір қоғамға еркіндік берілді, сайлауға түсіп, халықтың сенімін алам деген кез келген адамға мүмкіндік жетеді. Саяси партиялар қатары көбейді. Президентті 7 жылдық бір кезеңге ғана сайлайтын болдық. Міне, мұның бәрі жаңа бетбұрысты аңғартады. Сайлаудың өзі демократияның бір үлгісі екенін жақсы білеміз. Жалпы, жыл сайын Батыс қоғамындағыдай әділдікке ұмтылыс бар екені халықтан да, биліктен де байқалады. Әділдік болған жерде қоғамның өзіне, мемлекетіне деген сенімі ұлғаяды. Саяси реформалар бағытын нығайтуда осы жайттар маңызды рөл атқармақ. Сондықтан ел болып, жұрт болып, жаңашылдыққа ұмтылғанымыз абзал».

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар