Тәуелсіз журналист, азаматтық белсенді Динара Егеубаева оппозициялық саясаттанушы Димаш Әлжанов екеуі Украинаға келгендерін мәлімдеді. Олар Ресеймен соғысып жатқан мемлекетке көшіп кетпегенін, Қазақстандық көрерменге цензурасыз контент түсіру үшін уақытша келгендерін хабарлады.Жақын күндері Ресей оккупанттары талқандаған қалаларға барып, репортаж жасамақ. Сонымен қатар, биліктегі тұлғалар мен қайраткерлерден сұхбат алатын ойлары бар екенін айтты.
Азаматтық қоғам өкілдерінің журналист Динара Егеубаеваға ақша жинап, іс сапар шығынын жабуға көмектесіп жатқандары белгілі болды.