30 қыркүйекте Кремльде жасалған келісім бойынша Ресейдің құрамына Украинаның 4 облысы кірді. Олар ДХР, ЛХР, Херсон, Запорожье. Конституциялық соттың қаулысы бойынша бұл облыстарда 2026 жылға дейін өтпелі кезең жарияланады. Олардың басшыларын Ресей Президенті тағайындайтын болды.
Бұдан кейін аннекцияны Ресей мемлекеттік думасы мен федерация кеңесі конституциялық заң қабылдап, бекітуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы конституциялық сот Қырым мен Севастопольдің аннекцияланғанын қолдаған.