21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

ТОҚАЕВ ТАҒЫ БІР ІРІ ШЕНЕУНІКТІ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТТЫ

Президент Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болған Марат Шайхутдинов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Марат Шайхутдинов 1959 жылы Ақмола облысында туған. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1984-1986 жылдары Қазақстан Компартиясының Целиноград облысы Ерейментау аудандық комитетінің және Қазақстан Компартиясының Қарағанды қаласы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы; 1986-1990 жылдары Қазақстан Компартиясының Қарағанды қалалық комитетінің нұсқаушысы, идеология бөлімінің меңгерушісі; 1990-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі жанындағы орталықтың кіші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры

1994-1997 жылдары «Сары-Арқа» АӨК президенті; 1998-2000 жылдары «Мирас» ЖАҚ президенті; 2000-2005 жылдары Қазақстан-Ресей университетінің директоры; 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас инспекторы; 2006-2007 жылдары Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары; 2007-2009 жылдары Тұңғыш президент қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры; 2009 жылы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитетінің төрағасы; 2009-2015 жылдары Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары; 2015 жылғы маусымнан бүгінге дейін Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып қызмет еткен.

Бұған дейін,телеграм арналарда Марат Шайхутдиновтың «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын. Бірақ бұл ақпарат ресми расталған да, жоққа шығарылған да жоқ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар