Бұл туралы 2024 жылдың қараша айындағы АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) есебінде айтылған, деп мәлімдеді Fox News.
Жалпы, әртүрлі елдерден 1 445 549 шетел азаматтын депортациялау жоспарланған. Көш басында Мексика (252 044), Гватемала (253 413), Гондурас (261 651) және Сальвадор (203 822) азаматтары тұр.
Сонымен қатар тізімде Қытай (37 908) және Орталық Азия елдерінің азаматтары да бар:
Өзбекстан – 975
Қырғызстан – 319
Тәжікстан – 149
Түрікменстан – 40
Қазіргі уақытта бұл адамдар қамауға алынбаған, бірақ оларды депортациялау туралы соңғы шешім қабылданған.
Есепте бүгінгі күні жоқ мемлекеттер – КСРО мен Югославия да аталады. Осы елдердің төлқұжаты бар азаматтарды олардың аумағын иеленген елдерге депортациялайды.
Бұған дейін АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден ерікті түрде кетуді ұсынған еді. Сондай-ақ, Қазақстан елшілігі миграциялық саясаттың қатаңдатылғаны туралы ескерту жасаған.