-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Сирия билігі Ресейден Асадты қайтаруды сұрады

Сирияның жаңа басшысы Ахмед аш-Шараа Ресей делегациясымен Дамаскіде өткен келіссөздер барысында биліктен тайдырылған Башар Асад пен оның жақын серіктерін экстрадициялауды талап етті, деп хабарлады Reuters.

Бұл делегация билік ауысқаннан кейін алғаш рет Сирияға келді.

Жаңа әкімшілік сондай-ақ Ресейден өтемақы төлеп, «өткен қателіктерін» мойындауды сұрады.

Келіссөздер кезінде «Ресейдің сириялық халықтың сенімін қалпына келтірудегі рөлі» атап өтіліп, нақты шаралар – өтемақы төлеу, инфрақұрылымды қалпына келтіру және елді қайта құру қажеттігі айтылды.

«Мен бұны түсініктеме берусіз қалдырамын. Біз Сирия билігімен диалогты жалғастырамыз», – деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ал Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Мәскеу дағдарыстан кейінгі елді қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, соңғы 24 жыл бойы билікте болған Башар Асадтың режимі желтоқсан айында құлады. Көтерілісшілер Дамаскіге бақылау орнатып, Асад Ресейге қашуға мәжбүр болды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар