-8.8 C
Нур-Султан
3.6 C
Алматы
8.9 C
Шымкент
-8.8 C
Нур-Султан
3.6 C
Алматы
8.9 C
Шымкент

Әзірбайжанда Қарабах сепаратистерінің соты жалғасып жатыр

Әзірбайжанда Таулы Қарабахтың армян жетекшілеріне қатысты сот процестері жалғасуда. Олардың ішіндегі ең танымалы – бұрынғы ресейлік банкир Рубен Варданян. Сонымен қатар, сот алдында мойындалмаған республикасының үш бұрынғы президенті мен экс-министрлері де жауап беруде.

Өткен аптада басты назар айыпталушылардың жауабына емес, бұрынғы ресми танылмаған Таулы Қарабахтың мемлекеттік министрі, бұрынғы ресейлік миллиардер және меценат Рубен Варданянның денсаулығына аударылды.

25 ақпан, сейсенбі күнгі сот отырысы кезінде Варданян аштық ұстағандықтан, оның жағдайы нашарлап, дәрігер шақырылды. Алайда сот процесі жалғаса берді.

Келесі күні оның халықаралық адвокаты Джаред Генсер Варданянның денсаулық жағдайына алаңдаушылық білдірді.

«Рубен аштық жариялағанына бір апта болды, бұл оның денсаулығына ауыр әсер етті. Қазіргі уақытта ол 6 кг салмақ жоғалтты, жүрек соғысы жылдамдап, қан қысымы жоғары деңгейде тұр. Ол қатты бас айналуын сезінуде және есінен танып қалу қаупі бар», – деді адвокат. Бұл мәлімдемені Рубен Варданянның Telegram-арнасы таратты.

Адвокаттың айтуынша, сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтініш қабылданбаған. Варданянның қорғаушылары мұны халықаралық құқықтың талаптарын елемеу деп бағалап, айыпталушыларға «қатігез, адамгершілікке жат және ар-намысын қорлайтын қарым-қатынас жасалып жатыр» деп мәлімдеді.

Бакудегі әскери сот Рубен Варданянға қатысты 20 ауыр бап бойынша айыптарды қарастыруда. Бұл баптар ұзақ мерзімді түрме жазасын көздейді. Олардың қатарында агрессивті соғыс жүргізу, азаптау қолдану, терроризм, соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу және басқа да қылмыстар бар.

Сонымен қатар, айыптардың бір бөлігі 1992-1994 жылдардағы бірінші Қарабах соғысына қатысты. Рубен Варданянды, басқалармен қатар, әзірбайжан халқына қарсы мәжбүрлі депортация жүргізді және соғыс бастады деп айыптауда.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар