-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Қазақстандық компания Ресей ракеталарын жасауға қажетті қышқылды жеткізуге көмектескен

United Trading Group компаниясы Ресей ракеталарын жасауға қажетті құрамдас бөліктерді Беларуське жеткізу схемасына қатысқан. Бұл ракеталарды Ресей Украинаға қарсы соғыста қолдануда.

Orda.kz жазуынша, Қазақстан компаниясының ізін «Беларусь тергеу орталығы» (БРЦ) журналистері анықтаған. Материал халықаралық OCCRP орталығының қатысуымен дайындалыпты. Тергеу авторлары ресейлік ракеталарға арналған электрондық микросхемаларды Беларусьтің «Интеграл» зауыты өндіретінін анықтады. Бұл кәсіпорын батыстық жабдықты пайдалана отырып, Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен жұмыс істейді.

Бұл ақпаратты украиналық сарапшылар да растады. Ал микросхемалар өндірісіне қажетті тұз қышқылы Беларуське Қазақстан арқылы жеткізілген.

Тұз қышқылы – «Интеграл» зауытына микросхемалар шығару үшін қажет негізгі компоненттердің бірі. Оны жартылай өткізгіш пластиналарды өңдеуде қолданады. Ресей-Украина соғысы басталғанға дейін Беларуське аса таза тұз қышқылын Германия жеткізген. Онымен UrSeCo Handels GmbH & Co. KG компаниясы айналысқан.

Қазақстанда бұл қышқылды алушы – Алматыда 2022 жылғы 17 наурызда тіркелген, жалғыз қызметкері және жалғыз құрылтайшысы бар «United Trading Group» ЖШС болған. Оның құрылтайшысы – Әлімжан Беков есімді азамат.

Аталған компания Германиядан аса таза тұз қышқылын алып, оны ресейлік «Электроснаб» компаниясына сатқан. Ал «Электроснаб» оны Беларусьтің «Интеграл» зауытына жөнелткен. Дәл осындай схема бойынша қазақстандық компания тұз қышқылын Ресейдің «Силтрон» ЖШҚ-на да жеткізген. Кейіннен «Силтрон» компаниясын «Интеграл» зауыты сатып алған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар