АҚШ президенті сайлауалды кампаниясы аясында салықтарды едәуір төмендетуге уәде берген. New York Post басылымының болжамынша, бұл өзгеріс АҚШ бюджетіне триллиондаған доллар шығын әкелуі мүмкін.
Дональд Трамптың жаңа салықтық бағдарламасында келесі ұсыныстар бар:
Шәйпұлдан, зейнеткерлердің әлеуметтік төлемдерінен және үстеме жұмыстан алынатын салықтарды жою.
Штаттық және жергілікті салықтық шегерімдерге қойылған 10 мың долларлық шекті алып тастау (SALT).
Спорттық командалар иелері мен хедж-қор менеджерлеріне берілген салықтық артықшылықтарды жою.
АҚШ-та өндірілген өнімдерге салықтық жеңілдіктер енгізу.
Толық ақпарат сайтта.
Бюджет тапшылығын өтеу үшін Трамп инвесторлар мен қор басқарушылары пайдаланатын салықтық «тесіктерді» жабуды немесе импорттық тарифтерді көтеруді ұсынды.
Инвестициялық табысқа салынатын салық мөлшерлемесін қайта қарау жылына 1,4 миллиардтан 18 миллиард долларға дейін табыс әкелуі мүмкін.
Кеше Қазақстан Республикасы Бюджет кодексін талқылау жөніндегі сенат отырысында Маулен Әшімбаев үнемдеуді Маск пен Трамптан үйренуге кеңес берді.