-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент

Қырғызстанда жаңа әнұран таңдалуда: байқау жеңімпазына 1,5 миллион сом беріледі

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі мемлекеттік әнұран мәтіні мен музыкасының жаңа нұсқасын жасауға арналған байқау жариялады. Бұл туралы Kaktus Media хабарлады.

Байқауға композиторлар, ақындар, музыканттар мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Оның мақсаты – елдің тарихи мұрасын, мәдениетін және халықтың бірлігін бейнелейтін жаңа туынды жасау.

Министрлік байқау жұмыстарын бағалау критерийлерін атады:

Салтанатты, патриоттық және эмоционалды әсерлі болуы
Ұлттық ерекшелікті көрсетуі
Әуен мен мәтіннің үйлесімділігі, жеңіл қабылдануы
Қырғыз әдеби тілінің нормаларына сәйкес болуы
Өтініштерді Жогорку Кенеш депутаттары, жазушылар, композиторлар мен мәдениет қайраткерлері кіретін арнайы комиссия қарайды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Алайда жарамды өтінімдер жеткіліксіз болған жағдайда немесе лайықты жұмыстар табылмаса, байқау өтпеді деп танылуы мүмкін.

Қырғызстанның Жогорку Кенеш спикері Нурланбек Шәкиев қазіргі әнұранның елдің КСРО құрамынан шыққаннан кейін қабылданғанын айтып, оны жаңарту қажет деген ұсыныс жасаған.

Бұл бастаманы президент Садыр Жапаров қолдады.

Жаңа әнұран 2025 жылдың сәуіріне дейін қабылдануы тиіс.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар