14 C
Нур-Султан
27 C
Алматы
22.3 C
Шымкент
14 C
Нур-Султан
27 C
Алматы
22.3 C
Шымкент

Моңғолияда жемқорлыққа қарсы наразылықтар басталды

Дүйсенбі, 5 желтоқсанда Ұлан-Баторда жемқорлыққа қарсы наразылық шаралары өтуде. Моңғолиядағы АҚШ елшілігінің хабарлауынша, 4 желтоқсан күні кешке бірнеше жүздеген наразылық білдіруші Сүхбаатар алаңына жиналып, шеруге шықпақ болған, бірақ оны полиция баррикадасы тоқтатқан. Сондай-ақ, шерушілер 5 желтоқсанда қайтадан митинг өткізуге жиналған, деп хабарлайды  inbusiness.kz  Forbes.kz сайтына сілтеме жасап.

Моңғолияның БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бұл наразылық көмір дауына байланысты болып отыр.

ҚХР-да көмір ұрлығына қатысы барлар қазірдің өзінде жазаға тартылып, осы іске қатысы бар моңғол шенеуніктерінің аты-жөні көрсетілген тізім жасалғаны атап өтілді.
bne.eu порталының хабарлауынша, 5 желтоқсанда министрлер кабинетінің мүшелері көмір табысының ұрланғаны туралы мәлімдемелер бойынша баспасөз мәслихатын өткізген.

Сондай-ақ, «Көмір ұрлау фактілері бойынша 10 қылмыстық іс қозғалды, олар келісім-шарттар, тасымалдау және темір жолға қатысты үш бағытта тергелуде», — деп қосты Хүрэлбаатар.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар