22 C
Нур-Султан
21 C
Алматы
28.3 C
Шымкент
22 C
Нур-Султан
21 C
Алматы
28.3 C
Шымкент

Қазақстан Ресейді Украинадағы соғысын тоқтатуға шақыратын БҰҰ резолюциясына қарсы дауыс берді

Он бесінші желтоқсанда Біріккен Ұлттар ұйымы Ресейді Украинадағы соғысты тоқтатып, әскерін шығаруды талап ететін резолюция қабылдады.  Резолюция «Уақытша басып алынған Қырым автономды республикасы мен Севастополь қаласындағы (Украина) адам құқығы ахуалы» деп аталады.  БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған құжатқа 82 ел қолдап дауыс берген, Қазақстан резолюцияға қарсы дауыс берген 14 елдің ішіне кірді, 80 мемлекет қалыс қалған.

Қарсы дауыс берген мемлекеттер:

Қазақстан

Ресей

Беларусь

Зимбабве

Иран

Қытай

Солтүстік Корея

Сирия

Қазақстан бұған дейін  Кремльдің Украинаға басқыншылығын қолдаған жоқ, ашық айыптамаған да. Қазан айында Ресей аннексиясын айыптаған резолюцияға дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалған. Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «қалыс қалу деген де БҰҰ-да қарастырылған ұстаным, Қазақстан стратегиялық нейтралитет ұстанады» деп мәлімдеген. Бұл жолғы дауыс беруіне байланысты Қазақстан СІМ түсініктеме бермеді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар