-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
2.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
2.3 C
Шымкент

Аргентина футболдан әлем чемпионы болды

Қатарда футболдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Үш сағатқа созылған шешуші кездесуде Аргентина мен Франция жолықты. Бірінші таймда Аргентина көшбасшысы Лионель Месси пенальтиден гол салып, командасын алға шығарды. Ал оның командаласы Анхель Ди Мария есепті еселеп, 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда франциялық Килиан Мбаппе дубль жасап, есепті теңестірді. Сөйтіп матч қосымша таймдарға ұласты. Осы кезде Месси өз командасын тағы алға жетелеп, есепті 3-2-ге жеткізді. Алайда Килиан Мбаппе есепті қайта теңестіріп, 3-3 қылды. Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында Аргентина басым түсіп, өз тарихында 3-ші рет әлем чемпионы атанды.

Қола жүлде үшін өткен ойында Хорватия футболшылары Мароккодан 2:1 есебімен басым түскенін айта кетейік.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар