9 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
9 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

Украина Грузиядан Саакашвилиді Батыс елдеріне емдетуді талап етті

Украина Грузия билігінен бұрынғы президент Саакашвилиге кіргізуді талап етті. Ол  денсаулығының күрт нашарлағанына байланысты түрмеден ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлер екі жылдан бері абақтыда отырған Грузияның үшінші президентінің жағдайы ауыр деп отыр.  Екі рет жариялаған аштықтан кейін ол отыз килограмм салмақ тастағаны өз алдына, неврологиялық ауыр дертке шалдыққан дейді.

Украина омбудсмені Дмитро Лубинец 15 желтоқсанда Телеграм-парақшасында Саакашвилидің медициналық көмекке зәру болып отырғанын және оны Батыс Еуропа мен АҚШ-қа емдеуге жіберу қажеттігін айтты. Лубинецтің айтуынша, Украина шетелдегі азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

2004-2013 жылдары аралығында Грузияны басқарған Саакашвили «билік өкілетін асыра пайдалану» бабы бойынша айыпталып, алты жыл түрмеге кесілген. Өзі мен жақтастары істің саясиланғанын айтады.

Former Georgian President Mikheil Saakashvili who was convicted in absentia of abuse of power during his presidency and arrested upon his return from exile, looks from a defendant’s dock during a court hearing in Tbilisi, Georgia, Thursday, Dec. 2, 2021. Saakashvili, who was president from 2008 to 2013, left Georgia after the end of his second term and was later convicted in absentia of abuse of power. He was arrested on Oct. 1 after returning to Georgia to try to bolster opposition forces in the run-up to nationwide municipal elections. (Irakli Gedenidze/Pool Photo via AP)

Заңгерлер оның жазасын өтеуді кейінге шегеріп, шетелге емдеуде жіберу үшін рұқсат алуға күш салып жатыр.

16 желтоқсанда жемқорлықпен күресіп жүрген ондаған белсенді Тбилисиде парламент алдында наразылық өткізіп, Саакашвилиді шетелдің ауруханасына ауыстыруды талап етті.

14 желтоқсанда Грузияның қылмыстық атқару қызметі Саакашвили емделіп жатқан ауруханадан видео жариялап, экс-президенттің «денсаулығына қауіп жоғын» мәлімдеген. Алайда жақтастары оның қатты салмақ жоғалтқанын алға тартып, емдеуге зәру екенін айтып отыр.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар