-17 C
Нур-Султан
-12.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-12.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫ 6 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Астанада Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалдыға қатысты соңғы үкім оқылды. Сот Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа немере іні болып келетін Қайрат Сатыбалды «Қазақтелекомнан» 12.7 млрд теңге, «ҚТЖ» компаниясына тиесілі «Көлік сервисі орталығынан» 28.6 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды.

Ол наурыз айында қамауға алынып, үстінен «алдау жолымен мүліктік залал келтірді» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Бұған қоса, Қайрат Сатыбалды «салықтан және кеден төлемдерінен жалтарды», «қылмыстық жолпен тапқан табысын заңдастырды» деген күдікпен де тергеліп жатыр. Оның әйелі Гүлмира Сатыбалды да «бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды» деген айыппен қамауда отыр. Естеріңізде болса, Қайрат Сатыбалды Форбс Қазақстан есебі бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің тізіміне кірген.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар