-10 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
7.3 C
Шымкент
-10 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
7.3 C
Шымкент

Қазақстанда жемқорлардың аты-жөндері жазылған ашық тізім жасалады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәжіліс отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізетін заң жобаларын таныстырды.

Олардың бірі — жемқорлардың ашық тізілімі. Бұл қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін маңызды құрал болмақ.

«Жемқорлардың тізілімі — жай ғана тізім емес, қоғамдық айыптаудың жұмыс істейтін құралы. Оған ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар енгізіледі. Бұл тізілімде олардың жеке басы, жұмыс орны және іс жағдайлары туралы барлық ақпарат көрсетіледі. Тізімнен шығару тек ақтау үкімі шыққан жағдайда немесе соттылығы толық өтелгеннен кейін мүмкін болады», — деді Сарқұлов.

Тізілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында орналастырылып, азаматтар мен ұйымдар үшін қолжетімді болады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — ашықтықты арттыру және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар