-10 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
7.3 C
Шымкент
-10 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
7.3 C
Шымкент

Байден Кубаны терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен алып тастады

Бұл оның президенттік өкілеттігі аяқталуға бірнеше күн қалғанда жүзеге асты. Төрт жыл бұрын президент Дональд Трамп дәл осылай, қызметінен кетер алдында бірнеше күн бұрын, Кубаны бұл тізімге қайта қосқан болатын.

Куба, Вашингтонмен жасалған келісімге сәйкес, 553 тұтқынды босатуға уәде берді. АҚШ олардың арасында төрт жыл бұрынғы наразылық акцияларына қатысқаны үшін сотталғандар болуы мүмкін деп болжайды.

Ақ үйдің сайтында жарияланған Байденнің мәлімдемесінде соңғы жарты жылда Куба билігі халықаралық терроризмді ешқандай түрде қолдамағаны және бұдан былай да қолдамайтынына сендіргені айтылған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар