-2 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
-2 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

АҚШ пен Украина делегациялары 12 наурызда Сауд Арабиясында кездеседі

Екі елдің өкілдері 12 наурыз, сәрсенбі күні Эр-Риядта кездеседі. Бұлтуралы Fox News хабарлады.

Америкалық БАҚ мәліметінше, келіссөздерге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолтц және арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысады. Украина тарапынан президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак қатысады.

Украина президенті Владимир Зеленский алдағы кездесу туралы мәлімдеме жасады:
«Украина және америкалық топтар жұмысын қайта бастады, және біз келесі аптада мазмұнды кездесу өтеді деп үміттенеміз», – деп жазды ол X желісінде.

Күн тәртібінде – қақтығысты реттеу келісімінің негізгі шарттары мен алты айлық уақытша бітім бар, деп мәлімдеді Трамптың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Уиткофф.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар