Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізгендерін мәлімдеді.
Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.