11 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
15.3 C
Шымкент
11 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
15.3 C
Шымкент

Атырауда Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс екінші тәулік бойы өртеніп жатыр

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан қамыс екінші тәулік қатарынан өртенуде.

«2025 жылғы 1 мамырда сағат 18:30 шамасында Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым жерде төрт өрт ошағы анықталды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел түрде жіберілді. Содан бері өртпен күрес жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда өртті сөндіруге жалпы саны 101 адам және 21 техника жұмылдырылған (Атырау облысы ТЖД-нен – 76 қызметкер, 12 техника; «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты тарапынан – 25 адам, 9 техника).

Қамыстың қалыңдығы мен биіктігі (2–2,5 метр), жердің батпақты болуы және қатты жел өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда, бұл өз кезегінде өрттің таралу ауқымын ұлғайтып отыр.

«Сағат 18:30-дағы жағдай бойынша ТЖД мен “АқЖайық” резерватының бірлескен күштерімен шамамен 50 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, 400 гектар жердегі өрт өздігінен өшкен. Жалпы өрт аумағы нақтылануда. Қалған ошақтарды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ», – делінген хабарламада.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар