Павлодар облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «КДВ Қазақстан» ЖШС-ге қатысты үстемдігін асыра пайдалану белгілері бойынша тергеуді бастағандарын мәлімдеді.
«Компания қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде мекеменің тауарларға әртүрлі баға қойғаны анықталды. Нақтырақ айтқанда, кондитерлік өнімдерді сату келісімшартына түрлі баға мен талап қолданған. Мұндай фактілер антимонополиялық заңнаманың бұзылуын көрсетуі мүмкін», — делінген хабарламада.
Бұған дейін монополияға қарсы орган «КДВ Қазақстан» ЖШС-не анықталған заң бұзушылық белгілерін ерікті түрде жою туралы хабарлама жолдаған. Ол орындалмаған соң, тергеу ісі қозғалыпты.
Тергеу барысында компания әрекетіне құқықтық баға беріліп, жеткізу шарттарын дифференциалаудың объективті негізі болу-болмауы қаралады.