Астанада мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуі аяқталды.
Тараптар жарыссөзге көшті.
Жарыссөз барысында прокурор Ерлан Қожағапановты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ, ол Қожағапановты мемлекеттік наградалар мен атақтардан айыру туралы Президентке ұсыныс енгізуді ұсынды.
Экс-шенеунік Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлімі 3-тармағы («Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану») бойынша айыпталуда.