2025 жылдың алғашқы үш айында Ұлттық қордан шамамен бір жарым триллион теңге жұмсалып үлгерген. Алайда Ұлттық қорға салықтық түсімдер жоспары небәрі 13 % ғана орындалған. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда екі есе аз.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдаушылары атап өткендей, жалпы елдегі салық түсімдері артқан. Ұлттық қорға, республикалық және жергілікті бюджеттерге 5,8 трлн теңге түскен — бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 4,8 % көп.
Алайда егжей-тегжейіне үңілсек, бұл өсімді республикалық және жергілікті бюджеттер қамтамасыз еткен. Ал Ұлттық қорға өткен жылмен салыстырғанда салық түсімі екі есе азайған. 2025 жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорға 547 млрд теңге түскен — бұл 2024 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 47 % төмен. Соған қарамастан, ең ірі түсімдер дәл осы Ұлттық қордан бөлінді.
Барлық егжей-тегжейлі мәліметтерді (график пен талдаушылардың пікірін қоса) сілтеме арқылы көруге болады.
2025 жылдың мамыр айындағы теңге бағамы жайлы ақпаратты жоғарыда (жауапта) оқи аласыз.
Бірнеше күн бұрын Ұлттық банк Ұлттық қордан тағы бір миллиард доллар сататыны белгілі болды.