-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент
-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент

БҚО-да білім беру мекемесінің 40-қа жуық қызметкері жауапқа тартылды

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында тексеру жүргізіп, әр түрлі саладағы заңды бұзушылықтарды анықтаған.

Мысалы, Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәмелетке толмағандар арасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамызындағы №348 бұйрығы талаптарына қайшы «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бойынша міндетті сабақтар жүргізілмеген.

Аталған сабақтарды өткізу ауданның барлық 1200 оқушылар үшін ұйымдастырылмаған.

Еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар да тіркелді: қызметкерлер ұжымдық шарттармен таныспаған, ал еңбек шартын бұзу кезінде белгіленген нормалар сақталмаған.

Тексеру нәтижесінде 30 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар