-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент
-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент

«Референдум өткізудің қажеті жоқ» – Энергетика министрі екінші АЭС құрылысы туралы

Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясы (АЭС) үшін алаң таңдау туралы айтты.

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, екінші атом электр станциясын салу үшін референдум өткізудің қажеті жоқ.

«Референдум өткізудің қажеттілігі жоқ. Заңнамаға сәйкес, бұл станция үкіметтің шешімі бойынша салынады», – деді министр журналистің осы мәселеге байланысты референдум қажет пе деген сұрағына жауап бере отырып.

Министр екінші станцияның орнын таңдау энергия теңгерімінің болжамдарына, электр энергиясын тұтыну орталықтарына жақындығына және аймақтағы электр желілерінің даму деңгейіне негізделетінін нақтылады. Сонымен қатар, тізімде Курчатов қаласы бар ма деген нақтылау сұрағына ол бұл перспективалы алаң екенін айтты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар