13 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
13 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

Астанада мәдениет саласында 8 млрд теңгенің заңбұзушылығы анықталды

Аудит бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану мен басқарушылық қателіктерді көрсетті.

2025 жылғы 20 наурызда Астана қаласы бойынша ревизиялық комиссияның отырысы өтіп, қала мәдениет басқармасы мен оған қарасты ұйымдарға бөлінген бюджетті пайдалану бойынша аудит нәтижелері талқыланды.

Комиссия қорытындысы бойынша басқарма көрсеткіштерді мониторингтеуге формалды түрде қараған, ал іс-шараларды іске асыру туралы ақпарат толық болмаған. Сонымен қатар есептілік деректері бұрмаланған – нақты көрсеткіштерге қол жеткізілмесе де, олар «сырттай толықтырылған».

Қаржы мәселесіне келсек, аудит барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды:

🔴 Дұрыс есептелмеу салдарынан 460,7 млн теңге көлемінде артық субсидия төленген.
🔴 Негіздеме құжаттарының болмауына байланысты 275,2 млн теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.
🔴 Бюджеттік өтінімдерге 85 млн теңгенің іс-шаралары енгізіліп, кейін олар басқа іс-шараларға ауыстырылған.
🔴 368 млн теңгеге негізгі құралдарды сатып алу жоспарланып, бірақ олар не алынбаған, не мүлдем басқа активтер сатып алынған.
🔴 36,3 млн теңгенің шығыстарын негіздейтін коммерциялық ұсыныстар мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болмаған.
🔴 2022 жылы жалақыны арттыру мақсатында 12,1 млн теңге көлемінде нысаналы трансферттер мақсатсыз пайдаланылған.
🔴 Еңбекақы төлеу мен штат құру бойынша артық төлемдер 915 млн теңгені құраған.
🔴 337,2 млн теңгенің активтері тиімсіз пайдаланылған.
🔴 8,3 млн теңге көлемінде активтер мен ресурстар дұрыс қолданылмаған.
🔴 Басшылықтың гастрольдік сапарларына 3,9 млн теңге жұмсалған.

Аудит қорытындысы бойынша:

⏺ активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану – 906,5 млн теңге;
⏺ қаражатты тиімсіз пайдалану – 8,02 млрд теңге;
⏺ ықтимал шығындар мен жіберілген пайда – 1,62 млрд теңге;
⏺ қаржылық заңбұзушылықтар – 300,2 млн теңге.

20 дерек бойынша материалдар тиісті органдарға тексеруге жіберілді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар