15 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
15 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

Үкімет Аппараты «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты.

Жалпы ауданы 68,5 мың шаршы метрден асатын EXPO саябақ аймағының аумағында қарағай, қайың және басқа да ағаш түрлерінің көшеттері отырғызылды. Бүгінде көрме кеңістігін көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 9,2 мың ағаш, 25,5 мың көпжылдық бұта отырғызылған.

«Таза Қазақстан» аясында «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» экологиялық акциясы өтуде. Бір апта ішінде барлық өңірлерде 200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті. Қоғамдық кеңістіктерді тазарту және ағаш отырғызу бойынша акциялар ұйымдастырылды, 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары ретке келтірілді, өзендер, көлдер және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 млн шаршы метрден астам аумақ тазартылды. Жалпы биыл экология және табиғи ресурстар министрлігі өңірлерге 300 мыңнан астам көшет жіберді. 2024 жылы қалалық орта мен экология саласындағы мәселелерді шешуге өтінім беруді жеңілдету үшін @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді.

«Таза Қазақстан» бастамасы іске қосылған сәттен бастап оған 6 млн-нан астам адам қатысты. Бір жыл ішінде шамамен 1,6 млн жасыл желек отырғызылып, 5,8 млн шаршы метрден астам жағалау аймақтары ретке келтірілді, 1,1 млн тонна қоқыс жиналды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар