15 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
15 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

Украина бойынша келісімге қол жеткізуге жақынбыз, жоғары деңгейдегі кездесу қажет: Трамп

АҚШ президентінің пікірінше, келіссөздер сәтті өтуде.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф арасындағы кездесуден кейін Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі ықтимал келісімнің көп бөлігі келісілгенін мәлімдеді.

«Ресей мен Украина арасында келіссөздер жүргізетін уақыт келді. Олар келісімге өте жақын қалды, енді екі тарап осыны аяқтау үшін жоғары деңгейде кездесу керек», — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамптың айтуынша, АҚШ өкілдері «қажет болған жағдайда қақтығысты аяқтауға жәрдемдесу үшін» қатысады.

Жұма күні (25 сәуір) Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың жыл басынан бері төртінші кездесуі өтті.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар